Bugin

«Қазақстан халқына» қоры қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен азаматтардың отбасыларына көмек көрсетеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қанды қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандар мен жараланғандардың отбасыларына көмек көрсетеді. Бұл туралы Bugin.kz порталы қордың баспасөз қыметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

- «Қазақстан халқы» қоғамдық қоры қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтады, сондай-ақ қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккендерге қолдау көрсетеді. Бұл жақындарынан айырылған, ауыр жарақат алған әрбір адам үшін үлкен қайғы», - делінген қор хабарламасында.

Қайтыс болған әскери қызметшілердің, ішкі істер органдары қызметкерлерінің, ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің, оқиғаның кездейсоқ құрбаны болған азаматтық тұлғалардың әрбір отбасына 7 миллион теңгеден материалдық көмек көрсетіледі.

Ауыр жараланған әскери қызметкерлерге, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ жараланған балалардың әрбір отбасына 3 млн теңгеден беріледі.